$ 498.34  519.72  4.85

Бүгін күн бұрқасындатып, көктайғақ болады деп күтілуде

Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, тек республиканың батысында күн ашық ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖК сайтында. 

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады.Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары