Грекия өзінің жағалау күзетін күшейту туралы шешім қабылдады, деп жазады 24.kz.
Афина сондай-ақ Еуропаның шекараларды қорғау жөніндегі агенттігімен ынтымақтастықты нығайтпақ. Оған соңғы айларда грек жеріне ағылған мигранттардың көбеюі себеп. Мәліметке қарағанда Түркиядан грек жағалауына күн сайын жүздеген босқын келуде. Мысалы, соңғы 4 күнде олардың саны 2 мыңға жеткен.
Осыған байланысты мигранттар лагерьлерге сыймай, қауіпті жағдай туындаған. Келімсектер жергілікті биліктен Грекияның ішкі аумағына өткізуді талап етуде.