22.09.2019, 18:30

Бельгияның астанасында «автомобильсіз жексенбі» акциясы өтті

Бұл күні тек қоғамдық көлік пен таксилер, шұғыл қызметтер мен дипломаттардың ғана машинасына рұқсат етіледі.

Бельгияның астанасында жыл сайынғы «Автомобильсіз жексенбі» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті агенттігі. 

Дәстүрге орай, осы күні сағат 9.30-19.00 аралығында қала көшелері екі, үш және төрт доңғалақты көліктер үшін жабылады. 

Бұл күні тек қоғамдық көлік пен таксилер, шұғыл қызметтер мен дипломаттардың ғана машинасына рұқсат етіледі. 

Қалалықтар бұл күні қоғамдық көлікте тегін жүреді. 

Әрі қала билігі әртүрлі көңіл көтеретін іс-шаралар өткізілуде.  

Тегтер: Бельгия акция