$ 494.87  520.65  4.91

Жүк салғышынан 70 келі балық табылған әйел күдікті ретінде тексеріліп жатыр

20 қыркүйекте 7-шағын аудандағы үй ауласынан жеңіл көлік тоқтатылады.

 Ақтаулық табиғат қорғау полицейлері бекіре балығын заңсыз тасыған әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

20 қыркүйекте 7-шағын аудандағы үй ауласынан жеңіл көлік тоқтатылады. Жүк салғыш қорабын тексеру кезінде салмағы 70 келі болатын 20 дана балық табылған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

 Аулауға және сақтауға заңмен тыйым салынған бекіренің қайдан алынғаны тексеріліп жатыр. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары