Жамбыл облысында әйел адам пойыздың есігіне жақын тұрған жерден құлап кетіп, жарақат алған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған басылымға куәгерлер фотосуреттер мен әйелдің пойыздан құлап кеткені туралы хабарлама жіберген. Сурет авторы жәбірленушінің жолсерік болып жұмыс істейтінін айтқан. Мұнымен қатар, ол пойыздың ашық есігінен шылым шегіп тұрған адамның сыртқа қарай құлап кеткенін бөлісті.
Компания мәліметінше, оқиға Түрксіб-Астана пойызында болды. «Түрксіб-Астана» ЖШС оқиға Шығанақ-Мынарал өткелінде болғанын хабарлады. Қызметтік тергеу басталды. Оқиға туралы әлі толық ақпарат жоқ.