$ 443.37  474.49  4.83

«Атырау» футбол клубының қорғаушысы жол апатына ұшырады

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Белгілі болғандай, жол апаты 21 қыркүйекте болған.

Атырауда екі көліктің соқтығысуының салдарынан «Атырау» футбол клубының 23 жастағы қорғаушысы Дәурен Мәжитов ауыр жарақат алған, деп жазады KTK арнасы.

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Белгілі болғандай, жол апаты 21 қыркүйекте болған. Апат салдарынан көптеген сүйегі сынып, сонымен қатар омыртқасы зақымдалған футболшы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер Дәурен Мәжитовтың жағдайы ауыр екенін айтты. Оған қан доноры іздестіріліп жатыр.

«Өкінішке орай, ол көлікті тізгіндеген. Көлікте тек Дәурен болған. Қазіргі уақытта қан іздеп жатырмыз. Сонымен қатар ол сүйікті футболына қайтып оралып, Атыраудың намысын қорғауды жалғастырады деп үміттенеміз», - дейді «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы Қуаныш Қабдолов.  

Атырау облыстық полиция департаментіндегілер әзірге жол апатына қатысты пікір білдірмеді. Дәурен Мәжитов маусым басынан бері алаңда 1 275 минут өткізіп, бір гол салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары