$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ҚарМУ студенттеріне дәріс оқыды

Студенттер алдында сөз сөйлеген Абзал Нүкенов Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған маңызды аспектілерге тоқталды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ гуманитарлық бағыттағы  студенттеріне арнап дәріс оқыды. Негізгі тақырып «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын түсіндіруге байланысты болды. 

Студенттер алдында сөз сөйлеген Абзал Нүкенов Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған маңызды аспектілерге тоқталды. Кездесу еркін форматта өтті. Болашақ саясаттанушылар, психологтар, журналистер мен әлеуметтанушылар облыс әкімінің орынбасарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Талқылауда студенттер өз пікірлерін айтып, мықты мемлекет құру туралы ойларын ортаға салды. 

«Біздің еліміз қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытына айналған «Қазақстан – 2050»Стратегиясы аясында дамып келеді. Ертең сіздер өз салаңызда мамандар боласыздар және еліміздің дамуына үлес қосасыздар. Сондықтан бұл стратегиялар біздің болашағымызды анықтауға көмектеседі. Сіздер біздің жастар ретінде мемлекеттің дамуы үшін қандай бағытта қозғалу керектігін түсінулеріңіз қажет. Сол кездеғана Сіздер Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі үшін не қажет екенін нақты білетін боласыздар», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Соңында Абзал Нүкенов университетте пікірталас алаңын, жастардың интеллектуалды клубын құруды ұсынды. Аталмыш алаңға мүдделі мемлекеттік орган қызметкерлері де шақырылуы тиіс.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары