$ 448.56  478.03  4.79

Мобильді қосымша арқылы бірыңғай жиынтық төлем жасауға болады

Smart Astana мобильді қосымшасы тағы бір маңызды қызметпен толықты. Енді мобильді қосымша арқылы бірыңғай жиынтық төлем жасауға болады.

Қазақстанда биыл енгізілген жаңа салық түрі – бірыңғай жиынтық төлемді онлайн түрде төлеу мүмкіндігі жүзеге аспақ.

«Smart Astana мобильді қосымшасын смартфонға орнатып, үйден шықпай-ақ, бірыңғай жиынтық төлем жасауға болады. Ол үшін мобильді қосымшаға кіріп, «менің төлемдерім»  бөлімін таңдап, «бірыңғай жиынтық төлем» деген батырманы басасыз, артынша ЖСН енгізіп, қажетті қызметіңізді орындай аласыз», – дейді «Астана Innovations» АҚ өкілдері.

Мобильді қосымшада күн өткен сайын жаңа қызмет пен сервис түрі көбейіп келеді. Соның бірі – өткен аптада іске қосылған қайырымдылық ұйымдарының краудфандинг платформасы. Оның көмегімен әрбір адам қайырымдылық жобасына қаражатты жылдам әрі қауіпсіз аудара алады.

Қазіргі көрсеткіштерге сәйкес, Smart Astana мобильді қосымшасынан 70-тен астам қызмет түрін электронды нұсқада алуға болады. Оның ішінде дәрігер қабылдауына жазылу және үйге шақырту, коммуналдық қызметтерге төлем жасау, еңбекке жарамсыздық қағазының «шынайылығын» тексеру, салықтық мәртебені тексеру секілді танымал қызметтер бар.

Айта кетсек, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында азаматтардың мекемелерге бару қажеттілігінсіз мемлекеттік қызмет көрсету үшін олармен байланысатын басқару моделін жүзеге асыру қарастырылған. Осыған байланысты, ел азаматтарының жайлылығы үшін байланыс орталықтары, мобильді қосымшалар, SMS-хабарламалар, веб-порталдар, зияткерлік мессенджерлер іске қосылып жатыр. Соның арқасында кез келген уақытта және кез келген жерде мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу мүмкіндігі артты. Сонымен қатар барлық процестерді жетілдіріп, қағаз құжат айналымын жою үшін «paper-free» форматы іске асып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары