$ 494.87  520.65  4.91

5 жасар қыз жоғары қабаттан құлап жарақат алды

Қыз бала үйде жалғыз болған.

Ақмола облысының Целиноград ауданында 5 жасар қыз бала 4 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Ведомствоның дерегі бойынша, 24-ші қыркүйек күні сағат 11:30-да Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 5 жасар қыз баланың 4 қабаттан құлаған туралы телефон арқылы ақпарат түскен. Кейін анықталғандай, қыз бала үйде жалғыз болған және құлаған кезде кеуде тұсын жарақаттап алған. 

«Ата-анасы баланың жарақат алуына оның психологиялық ерекшелігі әсер ететінін білуі тиіс. Сондықтан, баланы жалғыз қалдырмай, оған көңіл бөліп, қоршаған ортасын барынша қауіпсіз ету керек»,- дейді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор.

 Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Ақмола облысының ПД қызметкерлері жыл сайын 10 мыңға жуық иллюстративті жадынама әзірлейді. Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша полиция қызметкерлері қоғамдық, демалыс орындары, қаланың орталық көшелеріне шығып, балаларымен жүрген ата-аналарға үлестіреді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары