Танымал ресейлік бапкер, жеңіл салмақта UFC чемпионының әкесі Абдулманап Нурмагомедов Атырауға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Хабиб Нурмагомедовтің әкесінің қазақ шапанымен түскен фотосуреті Facebook желісінде жарияланды. Нурмагомедов Atyrau Open Fest жастар фестиваліне келген.
"Бүгін "Құрманғазы" мәдениет сарайында Абдулманап Магомедовичпен еркін форматта кездесу өтеді. Мұнда спорт фанаттары қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Кіру тегін", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу жергілікті уақытпен 11:00-ге жоспарланған.
Айта кетсек, Абдулманап Нурмагомедов күрестен Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында құрметті қонақ болған еді.