«Nur Otan» партиясы белсенді Санавар Закираны, Әлнұр Ильяшевті және Марат Тұрымбетовті сотқа берді. Партия белсенділер таратқан ақпаратты беделге нұқсан келтіру деп танып, олардан моральдық өтемақы талап етуде.
Осы жылдың мамыр айында белсенділер мен партия арасында сот отырысы өтті. Олар билік саяси партия құруға кедергі келтіріп отыр деп айтқан болатын.
«Олар бізге негізгі куәлікті бермей отыр. Осыған байланысты біз талап арызды нақтылау үшін, бізге жазылған шағымды беруді сұрадық», - дейді белсенді Әлнұр Ильяшев.
Тамыз айында белсенділер екінші рет сотқа шағым түсірді. Алайда «Nur Otan» партиясы оларға қарсы сотқа шағым қалдырған.
Олар белсенді Ильяшев, Тұрымбетов және Закированың жеке партиясын құру туралы бастамаға кедергі келтірді деген ақпаратты жалған деп отыр. Билік бұл айыпты «Nur Otan» беделіне нұқсан келтіреді деп санайды.
Ендігі кезекте «Nur Otan» соттан белсенділердің әлеуметтік желі арқылы таратқан мәліметтерін жалған деп тануды және Ильяшев, Закирова мен Тұрымбетовтен 20 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақыны өндіріп алуды сұрап отыр.
Дереккөз: holanews.kz