$ 443.35  475.54  4.82

Алматыда дзюдодан әлем чемпионаты басталды

Шешуші белдесуде Нұрқанат француз балуаны Рамэй Валадиер Пикардтан басым түсті.

Жарыстың алғашқы күні 50 келі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев іріктеу сындарында іркілмей финалға өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Шешуші белдесуде Нұрқанат француз балуаны Рамэй Валадиер Пикардтан басым түсті. Қыздарымыз да олжалы. 40 келі салмақта белдескен Алима Жұмағалиева бразилиялық азулы қарсыласын ұтып, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Нұрқанат Серікбаев, Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы: 

- Әрине, қуаныштымын чемпион болғаныма. Осы жеңісімді қазақ еліне арнаймын. Енді қуанғанымды сөзбен жеткізе алмайсың ғой. Ендігі мақсатым – Олимпиада чемпионы болу алда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары