$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысына қарасты ауылда тойдағы астан 20 шақты адам уланған

Айта кетейік, ауылдың әлеуметтік желісінде тұрғындар аталған мейрамханада ешқандай тазалықтың жоқтығын, даяршылардың өзі мектеп жасындағы жасөспірімдер екенін, жеке кәсіпкердің ісіне округ әкімшілігі шара қолдану керектігін айтқан.

Индер ауданына қарасты Есбол ауылында 21 қыркүйекте тойға барған бірнеше тұрғын астан ұшынғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады «Дендер»-Ақпарат.

Яғни ауыл тұрғынының «Елдос» мейрамханасында жасаған тойына келген қонақтардың көбі келесі күні ауырып, ауруханаға түскен. Оны округ әкімі Ерболат Сабиров та растап отыр. 

Оның айтуынша, сол жерде түс мезгілінде садақа берілген, онда ешкім зардап шекпеген. Кешкісін тойға қаладан ас мәзірін дайындау үшін арнайы аспазшылар шақыртылыпты. Дегенмен, әзірге кінәрат неден екені белгісіз. Бұл жайтқа қатысты ауданнан тиісті мамандар шақыртылып, зерттеліп жатқан көрінеді.

Ал Есбол дәрігерлік емханасының аға дәрігері Шәмшия Сатқалиеваның мәліметіне сүйенсек, 2-3 науқас ішек қызметтерінің бұзылуы диагнозы бойынша аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілсе, 20-шақты ауыл тұрғыны күндізгі бөлімшеден ем қабылдауда.

Айта кетейік, ауылдың әлеуметтік желісінде тұрғындар аталған мейрамханада ешқандай тазалықтың жоқтығын, даяршылардың өзі мектеп жасындағы жасөспірімдер екенін, жеке кәсіпкердің ісіне округ әкімшілігі шара қолдану керектігін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары