$ 494.87  520.65  4.91

Ақмолада педагогтарға тиісті үстемақы төленбегені анықталды

Жарқайың ауданында 180 ауыл мұғалімі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін үстемақы алмаған. Аудан педагогтары алдындағы берешектің жалпы сомасы 11 млн теңгеден асқан. «Аудан прокуратурасының актісі бойынша берешек толық көлемде төленді», - дейді облыстық прокуратура.

Ақмола облысы прокуратурасы бірқатар аудандарда ауыл мұғалімдерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алмай келгенін анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

«Медициналық сақтандыру қоры Елордада көпір салған компания жұмысшыларына үш айдың жалақысын берді Ақтөбенің қиыршық тас шығаратын зауыт жұмысшылары жалақысын әлі ала алмай жүр Үкімет қаулысы бойынша, базалық қызметтік жалақыға 40%-дан 50%-ға дейін қосымша жалақы төленуі тиіс.

Алайда, Жарқайың ауданында 180 ауыл мұғалімі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін үстемақы алмаған. Аудан педагогтары алдындағы берешектің жалпы сомасы 11 млн теңгеден асқан. «Аудан прокуратурасының актісі бойынша берешек толық көлемде төленді», - дейді облыстық прокуратура. 

Айта кету керек, прокурорлар осындай жұмыстарды Ақмола облысының басқа аймақтарында да жүргізді. Степногор қаласында екі жыл ішінде 120 педагогке 9 млн теңгеден астам жалақы төленбеген. Аршалы және Егіндікөл аудандарында 100-ден астам мұғалім 2 млн теңгеге жуық қосымша жалақыны алған жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары