26.09.2019, 16:05

«Адам сенгісіз баға»: мың теңгеге ұшаққа билет сатылады!

Билетті сатып алған адамдарға ұшақта кездейсоқ орын беріліп, 5 келі қол жүгін тегін алып жүре алады.

 FlyArystan әуе компаниясы Нұр-Сұлтан-Павлодар және кері бағытта ұшақ билеттерін супер науқанмен сататындығын жариялады. Бұл жайында компанияның Facebook-тегі парақшасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Ақмола облысы «FlyArystan әуе компаниясы Павлодар-Нұр-Сұлтан немесе Нұр-Сұлтан-Павлодар бағыттарында ұшақ билеттерін 999 теңгеден сату туралы супер науқанның басталғанын жариялайды. Акция бойынша жалпы 3 мың орынға билет сатылады. Билеттердің сатылым мерзімі: 26.09.19-30.09.19. Ұшу кезеңі: 04.10.19-12.12.19», - делінген таратылған ақпаратта. 

Аталған билетті сатып алған адамдарға ұшақта кездейсоқ орын беріліп, 5 келі қол жүгін тегін алып жүре алады. Біржақты билет құны әуежай алымдарымен қамтылған, қызмет алымы ескерілмеген. 999 теңгелік билеттер науқан кезінде немесе толық сатылып біткенге дейін қолжетімді болады.

 

Тегтер: ұшақ билет