Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Маңғыстау облысында пара алды деген күдікке ілінген шенеунік әйелдің видеосын жариялады. Одан доллар салынған конверт пен тізім жазылған құжаттар табылған,- деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видеодан қолдарына ақ қолғап киген сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының күдіктінің сөмкесінен тізім жазылған құжаттар мен конверттегі долларларды тапқанын байқауға болады.
Маңғыстау облысы шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесімен айналысатын бөлім басшысы шетелдік компаниялардан облыс аймағында жұмыс істеген өзге елдіктерге виза аштыру немесе создыру мақсатында 500 доллардан бастап 1000 долларға дейін жүйелі түрде пара алғаны хабарлануда.
Күдікті ұсталып, Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Оны қамауда ұстау түріндегі одан әрі алдын-алу шарасы туралы мәселе шешілуде. Тергеу жұмыстары жалғасуда.