11.12.2015, 09:20

«Ислам мемлекетінің» капиталы 1,5 млрд долларды құрайды

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының капиталы 1,5 миллиард долларды құрайды деп хабарлайды Reuters агенттігі АҚШ Қаржы мекемесінің қызметкері Адам Шубинге сілтеме жасап.

«Лаңкестік ұйым жаулап алған Ирак пен Сириядағы банктерде шамамен 1-1,5 миллиард долар болған. Лаңкестер сондай-ақ, 500 миллион долларды мұнай сату арқылы тапқан» дейді Шубин.

Айта кету керек, Адам Шубин АҚШ қазынашылығы хатшысының лаңкестік және қаржылық бақылау мәселелері бойынша орынбасары лауазымында.

Шенеуніктің айтуынша, лаңкестер жергілікті тұрғындардан да миллиондаған долар қаражатын тартып алған. «Ақшаларын күштеп тартып алып отырған, бермеген жағдайда азаптап өлтіреді» дейді ол.