$ 448.15  483.46  4.86

Үркен Бисақаев мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Бисақаев Үркен Серікқалиұлы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үркен Бисакаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Сәтпаев атындағы Каспий мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Әр жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2007-2010 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2010-2012 жылдары - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2012-2017 жылдары - Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2016-2017 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2017-2018 жылдары Маңғыстау облысының туризм басқармасын басқарды.

2018-2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

2019 жылдың мамыр айынан бастап «НК Қазақ туризмі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары