$ 446.49  475.38  4.79

Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады

Жекелей сында жеңіске жеткен спортшылар 60 мың долларға иелік етеді.

Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Әлемдік додаға 205 мемлекеттен жалпы есебі 3 500 атлет қатыспақшы, деп жазады Olympic.kz. 

«Спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетикадан әлем біріншілігінде 47 жүлдедер жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ, жүлделі орындар үшін ірі көлемде ақшалай сыйлықтар бекітілген.  Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы (IAAF) әлемд чемпионатының жүлде қоры 7, 53 миллион доллар екенін мәлімдеді.  

Жекелей сында жеңіске жеткен спортшылар 60 мың долларға иелік етеді. Екінші және үшінші орын алған атлеттер тиісінше 30 және 20 мың доллар сыйға тартылмақ. Ал әлемдік рекордты жаңартқандарға 100 мың доллардан бөлінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары