Иран Президенті Хасан Рухани Сауд Арабиясы өкілінің дрондардағы жазбалар туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 24.kz.
Оның айтуынша, ресми Эр-Риядтың мұнай зауыттарын шабуылдауға қолданылған қаруға қарап, Тегеранды айыптауы қателік. Себебі Йеменде де шииттер тұрады.
Айта кетейік, бірер апта бұрын Сауда Арабиясының 2 мұнай зауытына дрондармен шабуыл жасалды. Көп ұзамай корольдіктің Қорғаныс министрлігі олардың қаңқаларын көрсетіп, дрондардағы жазба Ирандікі екенін көрсетеді деген болатын.