$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда №1 перзентхананың бас дәрігері пара алғанын мойындады

Рақышев, егер 200 мыңнан беріп отыруға көнбесең, Мемлекеттік активтер кеңсесіне хат жазып, жалға алуды тоқтатып тастаймын деген Ш. оған сұраған сомасын беруге келіскен.

Алмалы аудандық сотында пара алғаны үшін кінәлі деп танылған Алматы қаласының №1 қалалық перзентханасының бас дәрігері Наурызбай Рақышевқа қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот үкімімен Рақышев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігі (пара алу) бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 6 000 000 теңге көлемінде, пара сомасынан отыз есеге айыппұл салынды.

«Іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу тәртібімен жүргізілгендіктен, айыпталушы Рақышевқа ҚК-тің 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес, айыппұл түріндегі жаза көлемі жазаның ең жоғары мөлшерінің жартысынан, яғни пара мөлшерінен отыз еседен аспауы керек», - деп түсіндірді сот.

Сот мемлекеттік айыптаушының Рақышевті медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру қажеттілігі туралы дәлелін негізсіз деп таныды, өйткені сотқа дейінгі тергеу органы жасаған қылмысының кәсіби медициналық жұмысына қатысы жоқ деп шешті. Рақышевтің қылмыстық әрекеті мүлікті жалдау шартын бұзуға бағытталған.

Істің мәні 2019 жылдың наурызында «O» ЖШС-інің басшысы Ш. GOSREESTR.KZ порталы арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін «№1 қалалық перзентханасы» ғимаратын жалға алу бойынша тендерді ұтып алады. Перзентхана бас дәрігері Рақышев компания директорын өз кабинетін шақырып алып, кәсіпкерлік қызмет туралы келісімшартты бұзбауы және кәсібіне оң қабақ танытуы үшін маған ай сайын 200 мың теңге төлеп отырасың дейді.
Рақышев, егер 200 мыңнан беріп отыруға көнбесең, Мемлекеттік активтер кеңсесіне хат жазып, жалға алуды тоқтатып тастаймын деген Ш. оған сұраған сомасын беруге келіскен.

Жасалған келісімге сәйкес, баланс иесінің жазбаша өтініші бойынша, себептерін көрсете отырып, келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы екенін атап өткен жөн.

2019 жылдың тамызында Ш. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне бас дәрігердің заңсыз әрекеттеріне шағымданып, арыз берді. Келесі күні Ш. Рақышевтің кабинетіне келіп 200 000 теңге берді. Осылайша перзентхананың бас дәрігері пара алу үстінде ұсталған.

Сотта Рақышев өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары