Алматыда 22 қыркүйекте ер адамдар арасында төбелес болып, біреуі алған ауыр жарақаттан көз жұмды, деп хабарлайды inAlmaty.kz-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Оқиға Ақкент шағын ауданында болған. Төбелеске қатысқандардың бірі пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмған. Күдіктінің жасы - 15-те.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті төрт сағаттан кейін ұсталған.
«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алатау ауданының Полиция басқармасы бірден жедел тергеу тобын құрды. Күдікті оқиға болғаннан кейін төрт сағат ішінде ұсталды. Ол бірден уақытша сақтау изоляторына қамалды», - дейді басқарма өкілдері. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.