27.09.2019, 15:20

Қарағандыда көшбасшы студенттердің халықаралық Саммиті өтуде

Оған Қазақстанның әр аймағынан, сондай-ақ Ресей, Украина, Тәжікстан, Монғолия елдерінен 30-дан астам студент қатысады.

Қарағанды экономикалық университетінде«Қазіргі заманғы ЖОО басқаруға студент жастардың қатысуы» атты студенттік көшбасшылардың халықаралық саммитінің жұмысы басталды. 

ҚЭУ ректорының бастамасымен ұйымдастырылған Саммит жастар жылына арналған және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп өткізіледі.

Оған Қазақстанның әр аймағынан, сондай-ақ Ресей, Украина, Тәжікстан, Монғолия елдерінен 30-дан астам студент қатысады.

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, саммиттің мақсаты – студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы жастар көшбасшыларының іс-тәжірибесімен алмасу болып табылады.

Екі күн ішінде қатысушылар үшін шеберлік сабақтары, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалог және пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.

Білікті жаттықтырушылар «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру», «Бір команда-табыс кепілі» және «Басқарудағы ахуалдық көшбасшылық» тақырыптары бойынша семинар-тренингтер өткізеді.

Сондай-ақ саммит аясында «Қазақстандағы университеттік автономия жағдайында студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Қарар қабылданады.

27 қыркүйекте ҚЭУ студенттер Мәдениет сарайында жастар көшбасшыларының халықаралық саммиті аяқталады. Мұнда концерт ұйымдастырылып, қатысушыларға сертификаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етіледі.