iПетропавл теміржол вокзалында билет саудасы қызып тұр. Жолаушылар оны кассадан емес, алыпсатарлардан сатып алуға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасы.
Баға екі есе қымбат. Тексеру тобы ұйымдастырған кезекті рейд кезінде осындай жәйттер анықталды. Кассада жоқ билеттің құны қанша?
Марина Нестерева Алматыға пойызбен жиі барады. Айтуынша, билетті бір ай бұрын сатып алу керек. Аяқ астынан жолға шықса, алыпсатарлар бар.
Марина Нестерова, қала тұрғыны:
- Алыпсатарлар билет бағасына біренеш мың теңге қосып сатады. Тіпті екі есе қымбат. Пайданың астында қалатын солар.
- Да, предлагают! И вообще, даже кассиры. Вот так втихаря дашь, допустим деньги, они пожалуйста, сделают. Аппетит у них ужасный!...
Кассада шынымен де, 8 мың теңгеге билет жоқ.
- Вам до Кызылорды билеты? Да,да. На 6:06 которые. Именно до Кызылорды нет, нету.
Бір кезде «құпия сатып алушыға» алыпсатарлар алып ұшып келді. Оларда билет бар.
- Билет керек пе? Нешеу? Бір билет керек! Қай жерге? Қызылордаға. Саған біреу керек қой? Ия біреу. Он екі мың бес жүз...
8 мың теңгеге билетсіз – ақ баруға болады. Тек жолсерік серіктік танытса...
Бірақ бұл жолаушының сапары ұзаққа бармады. Ол келесі бекеттен түсіп қалды. «Қызылжар – адалдық алаңы» тобының мүшелері тұрғындардың арыз – шағымы бойынша осындай тексерулер ұйымдастырып тұрады.
Екатерина Старостина, «Қызылжар – адалдың алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:
- Әр ведомствомен тиісті шаралар қолданылды. Алыпсатармен желілік полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Билетсіз сауда бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Жыл басынан бері 30 жолаушылар пойызы тексеріліп, 14 әкімшілік хаттама толтырылды. 4 жауапты тұлға жазаға тартылды.