$ 498.34  519.72  4.85

Дауылды ескерту! Қазақстанның кейбір аймақтарында тұман түсіп,  найзағай ойнауы мүмкін

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні секундына 18 метр.

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды бүгін, 17:1122 0 Қазақстанның бірнеше қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
 

29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 25 метр.

Петропавл қаласында 29 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр.

  Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болуы мүмкін.

29-30 қыркүйекте кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі. Көкшетау қаласында 29 қыркүйекте түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман.

Нұр-Сұлтан қаласында 29 қыркүйекте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болмақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні секундына 18 метр. Түнде 30 қырқүйекте көктайғақ болады. 
 

29 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23 метр сақталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары