Алматы облысының Бесағаш аулында үйлену тойында 18 жастағы жігіт қонақтарға пышақ ала жүгірген. Салдарынан 3 адам жарақат алды, деп жазады inalmaty.kz.
Күдікті полиция департаментінде іздеуде болған. Ол кәмелет жасқа толмаған кезінде де осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылған.
«Жаза түрін бас бостандығынан шектеуден бостандығынан айыру туралы сотқа материалдар жіберілген. Алайда ол сотқа келмей, бақылаудан жалтарып, тұрғылықты жерінен кетіп хабарсыз қалған. Сот күдіктіні қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қабылдады», - дейді облыстық полиция департаментіндегілер. Күдікті тұтқындалды. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.