28 қыркүйек күні Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында мектеп оқушылары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Алматы қалалық кезеңі өтті.
Биыл 2-мәрте өткізіліп отырған шараға 1100 оқушы және оларды дайындаған 600 тәлімгер қатысқан.
«Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы Алматы қаласы бойынша жеңімпаз атанғандар:
I орын иегері (1 000 000 тенге) - Айым Ералхан, жетекшісі (2 000 000 теңге)- Ақмарал Шатемірқызы
II орын иегері (600 000 теңге) - Аружан Абсатар, жетекшісі (1 200 000 теңге) - Майра Мырзахметова
III орын иегері (300 000 теңге) - Шыңғысхан Нишан, жетекшісі (600 000 теңге) - Қарлығаш Шәріп
Сондай-ақ жеңімпаздар оқушылардың тәлімгерлері де назардан тыс қалмай, қомақты қаражатпен марапатталды.