Сенбі күні елімізде жаңбыр жауып соңы қарға ұласады, жел күешейді, таңға жақын тұман түсуі ықтимал. Кей өңірлерде түнде үсік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«29 қыркүйекте Қара теңізі аймағындағы Солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді, соған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын түседі (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз оңтүстік-шығыста нөсер жауады. Еліміздің кей жерлеріңде тұман күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді,оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал», делінген хабарламада.
Түркістан, Жамбыл облыстарының таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі.
Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, Алматы облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, Солтүстік Қазақстан облысында екпіні 25 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі, Қарағанды облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде түнде минус 3 градусқа суытады.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Карағанды облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.