29.09.2019, 20:57

Елордада жылыту маусымы басталмақ

Фото: Barbar.kz
30 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі.

Елордада 30 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі, деп хабарлайды қала әкімі Алтай Көлгінов. 

«Ауа-райына байланысты мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар келіп түскен өтініштерге орай жылыту жүйесіне қосылды. Ертеңнен бастап тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды қосуды бастаймыз. Бұл жұмыс бірнеше күнге созылады. Ережеге сәйкес жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градусты көрсетіп, бес күн бойы сақталғанда басталады», - деп жазды қала әкімі Instagram-парақшасында.

Тегтер: Нұрсұлтан