$ 446.49  475.38  4.79

Оралда 28 жастағы қыз жоғалып кетті

Үстіне қара плащ, джинсы және қызғылт спорттық күрте киген, аяғында қара етігі бар, көзілдірік тағады.

Оралда жоғалып кеткен 28 жастағы қыз екі күннен бері іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желі қолданушысы Руслан Батыров әлеуметтік желідегі парақшасында досының қарындасы, 1991 жылғы Әйгерім Баркенқызы Шаркөбенова-Ұзақованың жоғалып кеткенін, көмек керектігін хабарлады. 

Әйгерім 27 қыркүйек күні таңертең Орал қаласы Гагарин көшесіндегі 2/2-үйден белгісіз жаққа шығып кеткеннен оралмаған. 

Үстіне қара плащ, джинсы және қызғылт спорттық күрте киген, аяғында қара етігі бар, көзілдірік тағады. Өзімен бірге қара сөмкесі мен ұялы телефонын ала кеткен, аздаған ақшасы бар. Басқа қаржысы мен төлқұжатын үйде қалдырған. 

Бұрын мұндай жағдайға тап болмаған, Ресей азаматына тұрмысқа шыққан Әйгерім ауылдан оқуға келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал