Жаңалықтар 30.09.2019 сағат 05:00

Бельгияда қоқысты арнайы полиция қадағалайды

Соңғы кезде тамақ қалдықтарына арналған қызғылт-сары контейнерлер де орнатылған.
Бельгияда қоқысты арнайы полиция қадағалайды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еуроодақ заңдарына сай тұрғындар қоқысты сұрыптауға міндетті. Мәселен, Бельгияда пластик ыдысы көк, шыны жасыл, қағаз сары, ал өзгелері қара контейнерлерге салынады. 

Соңғы кезде тамақ қалдықтарына арналған қызғылт-сары контейнерлер де орнатылған. Ал жер үйде тұратындар қоқысын әртүрлі қаптарға жинап, белгіленген күндері үй алдына шығарады. Әр түсті қаптарды кез келген дүкенде сатып алуға болады. Олардың бағасы әдеттегіден сәл қымбат, бұл үстеме қоқыс шығарудың ақысы. Бір қаптың салмағы 15 келіден, аспауы тиіс. Арнайы қызмет оларды бүкіл қала бойынша жинап тұрады. Бірақ ереже бұзылса, көшеде қалдырып кетуі мүмкін. Бельгияда «қоқыс полициясы» бар, дұрыс сұрыпталмаған қоқыс үшін қомақты айыппұл салынады.   

Фредерик, Брюссель тұрғыны: 

- Экожүйені қалыптастыру үшін талаптарды орындап, жауапкершілікпен қарауымыз керек. Әрине басында ыңғайсыз болуы мүмкін, алайда уақыт өте келе бұл дағдыға айналып бәрін дұрыс орындайтын боласың. Бұл уақыттың еншісінде.

Дереккөз: BAQ.KZ

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар