$ 443.44  480.51  4.88

Атырауда автобус жүк көлігімен соқтығысты

Зардап шеккендер бар.

Атырауда маршруттық автобус жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғасы бүгін 11:35-те Нұрсая шағын ауданында болды. Маршруттық автобус ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысты. Зардап шеккендер бар. Жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде хабарланғандай, оқиға орнында 5 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары