$ 494.87  520.65  4.91

Сотталғандарды негізсіз жазалаған түрме басшыларының былығы әшкереленді

Түзету мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарға заңсыз жаза қолданған.

Шымкенттегі түрме басшылары сотталған 7 азаматқа негізсіз жаза қолданған. Мұндай заңбұзушылықтар кезекті прокурорлық тексерулер кезінде анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше, түзету мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарға заңсыз жаза қолданған. «Тексеру барысында жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн ИЧ-167/2 мекемесінде – сотталған 2 азаматқа, ИЧ-167/4 мекемесінде - сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/10 мекемесінде - сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/11 мекемесінде – сотталған 3 азаматқа қолданылған жазалау шаралары негізсіз қабылданған. 

Бүгінде прокурорлық қадағалау актілері негізінде қолданылған жазалардың күштері жойылған» делінген хабарламада. Прокурорлар, сондай-ақ, түзеу мекемелерінің басшылары сотталған азаматтарға негізсіз көтермелеу шарасы ретінде «Алғыс» жариялағанын анықтады. Бүгінде аталған шешімдерінің де күштері жойылған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары