30.09.2019, 20:00

Оралда ер адам 34 жастағы танысын пышақтап өлтірді

Бәйтерек ауданының 1964 жылғы тұрғыны Орал қаласындағы танысының үйіне келген.

Оралда ер адам танысын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 қыркүйек күні болды. 

Бәйтерек ауданының 1964 жылғы тұрғыны Орал қаласындағы танысының үйіне келген. 

Арақ ішу барысында ол шамамен сағат 15.00-де 1985 жылғы азаматтың кеуде тұсынан пышақ сұққан. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. 

Зачаган полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты. Қылмысын мойындаған күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. 

Қазіргі кезде бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) тергеу амалдары жүргізілуде. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан бір жасар сәбидің қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Тегтер: Орал