30.09.2019, 20:31

Әйел саунада досымен бірге ер адамды зорлап, оны видеоға түсірген

Әйел әлеуметтік желілерде құрбандарын іздеп, саунада бірге демалуға шақырады.

Татарстан тұрғыны өзінің досымен бірге саунада ер адамды зорлады. Олар зорлық істерін видеоға жазып, содан кейін олар жәбірленушіні ақша үшін бопсалаған. Оқиға Татарстанда болды, деп жазады Stan.kz.

Әйел әлеуметтік желілерде құрбандарын іздеп, саунада бірге демалуға шақырады. Сәлден кейін саунаға досы келеді. Әйел досы екеуі ер адамды пышақпен қорқытып зорлайды.

Олар видеоға оқиғаны жазып алады. Мұндай жағдайлардың бірінде шабуылдаушылар сұраған сома 107 900 теңгеге дейін жетті.

Құқық қорғау органдары қылмыскерлер кем дегенде үш рет шабуыл жасағанын анықтады.

Тергеу аяқталды, іс қалалық сотқа жіберілді. Ер адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, сексуалдық зорлық-зомбылық және бопсалау үшін айыпталуда.

Тегтер: сауна