$ 494.87  520.65  4.91

«162 күнімді жазғалы отырмын»: Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының басшылығынан босады

Биыл 18 сәуірде ғана тәулігіне 23 сағат хабар тарататын «Астана» телеарнасының бас директоры болған ол, басшылықта бар-жоғы 5 айдан аса уақыт қана қызмет атқарды.

Бүгін белгілі журналист Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасы басшысы қызметінен босады. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл 18 сәуірде ғана тәулігіне 23 сағат хабар тарататын «Астана» телеарнасының бас директоры болған ол, басшылықта бар-жоғы 5 айдан аса уақыт қана қызмет атқарды.

«Қала әкімінің 100 күні» немесе «Облыс басшысының 1 жылдағы жетістігі» дегендей посттарды оқушы едік. Маған елден ерекшелену бақыты бұйырыпты. Арна басшылығындағы 162 күнімді жазғалы отырмын.

Қызметімнің басы сайлауалды қарбалас сәттермен басталды. Одан кейін «НұрСұңқар» байқауын жаңа форматта өткізіп, екі студияны жаңартып, жаңалықтар бөлімін open space форматында news room ретінде аштық. Күні кеше ғана жаңалықтар студиясының лентасын қиып, жақсы тілектер айттық. Жаңа маусымды жаңа бағдарламалар, соны бағыттағы көз қуантарлық дүниелермен әрлеуге тырыстық. Бұның бәрін кеше телеграмм-каналымда жазған болатынмын.

Астана телеарнасының тізгінін ұстаған 5 айымда көптеген дарынды қыз-жігіттермен істес болдым! Бұл арна жүрегімнің бір түкпірінде тек жақсы естеліктерімен қалмақ. Әріптестеріме сәттілік тілеймін!» деп жазды Бейбігүл Жексенбай.

Ал оның орнына «Астана» телеарнасының басшысы болып кімнің келетіні әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары