Семей тұрғыны аяғы ауыр келіншегіне шақырту бойынша келген фельдшерді соққыға жыққан, деп жазады Tengrinews.kz. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған.
Ер адам ұялы телефонынан дәрігерлер бригадасын шақырған. Медицина қызметкерлеріне әйел адам іш тұсындағы ауырсынуға шағымданған. Дәрігерлер оған "түсік жасау қаупі" бар екенін айтып, ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың күйеуі мас күйде болып, дәрігерлерден ауыртпайтын дәрі егуді талап етіп, соққыға жыққан. Артынша полиция өкілдері келген.
Фельдшерлердің миы шайқалып, жабық ми жарақаттарын алған. Ер адамның мұрны сынған. Алған жарақаттарына қарамастан дәрігерлер аяғы ауыр келіншекке медициналық көмек көрсеткен. Артынша фельдшерлер кезекшіліктен кейін полицияға шағымданған.
Ер адам ұсталды. Фельдшерлердің екеуі де аурухананың нейрохирургия бөліміне жеткізілген.