$ 494.87  520.65  4.91

Мемқызметкерлерге смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?

Меморгандардың басым бөлігі смартфондарды кіргізуге дауыс берді.
фото: azh.kz/ru
фото: azh.kz/ru

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыс орнында телефон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады, дейді holanews.kz.

«Біз бұл құжатты Үкіметке енгіземіз. Бекіткеннен кейін смартфондарға қатысты сұрақтардың бәрі реттелер деген ойдамын. Яғни, смартфондарды пайдалануға рұқсат беріледі. Үкімет қаулысы қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдармен мақұлданып жатыр. Меморгандардың басым бөлігі смартфондарды кіргізуге дауыс берді. Осыдан кейін ұсынысты құжат ретінде Үкіметке енгіземіз», - деді ол.

Министр Үкімет қаулысы шыққаннан кейін ғана норма күшіне енетінін мәлім етті. 

Естеріңізде болса, осыған қатысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова да жуырда мемқызметшілерге жұмыс орнында смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтқан еді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары