$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысының тұрғыны әріптесінің атынан несие рәсімдеген

Департаменттің мәліметінше, өтініш қаралуға қабылданған.

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреу оның атына 88 мың теңге несие рәсімдегенін айтып, арызданған деп хабарлайды бөлімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Департаменттің мәліметінше, өтініш қаралуға қабылданған. Көп ұзамай полиция күдіктіні анықтап, қамауға алды. Ол жәбірленуші ер адамның әріптесі болып шықты.

Арам ойын іске асырушы азамат танысының жеке деректері туралы ақпаратқа қол салған. Олардың көмегімен ол осы жылдың сәуір айында әріптесінің атынан 2 рет несие алған: біреуі 20 мың теңге, екіншісі 68 мың теңге.

Қазіргі уақытта істің мән-жайлары «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе