$ 448.56  478.03  4.79

Нумерологтардың бір күндік табысы қанша? (ВИДЕО)

Нумерологтардан қызмет алу құны – 5000 теңгеден басталып, 100 мың теңеге дейін жалғасады.

Сандардың қыр-сырын зерттеп жүрген Айдана Кәкен нумерологтардың күндік жалақысы 80 мыңнан асатынын айтады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Оның айтуынша, бір нумерологқа болашағын болжату үшін күніне он шақты адам жүгінетін көрінеді. 

«170-ке жақын оқушыларым бар. Қазір бес оқушы оқып жатыр. Жарнама жасамаған күннің өзінде маған күніне оннан аса адам хабарласып жатады. Өйткені нумерологияда қыр-сырлары көп. Әр адам әртүрлі түсініп, әрқалай айтуы мүмкін», – дейді Айдана Кәкен. 

Нумерологтардан қызмет алу құны – 5000 теңгеден басталып, 100 мың теңеге дейін жалғасады. Олардың көбі дерлігі әлеуметтік желіде дөңгелетіп отыр. Бағасы қанша қымбаттағанмен құнығып отырғандар азаяр емес. 

Бірақ дінтанушылардың айтуынша, болашақты болжаудың кез келген тәсілі дұрыс емес. Нумерологияға адамдар сәттілік санын анықтау үшін жүгінеде екен. Соңғы жылдары бұған түпкілікті сенетіндер де артқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#нумерология