$ 494.87  520.65  4.91

Заңға қайшы ақпаратты желіде бөліскен белсендінің бас бостандығы шектелуі мүмкін

Белсенді Дианара Мұқатова сотта өзін «билікті сынаған көзқарасы үшін» жазалап отырғанын айтып, тағылған айыппен келіспейтінін жеткізген
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Атырауда «Қазақстанда тыйым салынған ұйымның ісіне қатысты» айыпталған азаматтық белсенді Дианара Мұқатованың ісі бойынша сот жалғасып жатыр. Прокурор белсендінінің 1,5 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады, деп хабарлайды Азаттық.

Белсенді Дианара Мұқатова сотта өзін «билікті сынаған көзқарасы үшін» жазалап отырғанын айтып, тағылған айыппен келіспейтінін жеткізген. 

Ал, прокурор Нұрболат Әбілов белсендінің Қазақстанда «экстремистік ұйым» деп танылып, қызметіне тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысын насихаттайтын жазбалар таратқанын айтып, белсендіні 1,5 жылға бас бостандығын шектеуді сұраған.

Бұған қоса, әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салуды өтінген. 

Судья Ташимов Ж.Х. келесі сот отырысын 21 қазанға белгіледі. 

Белсендінің адвокаты Жанаргүл Сүндетқалиеваның айтуынша, қылмыстық іске Мұқатованың Facebook-тағы он шақты репосты түрткі болған. Белсенді «ҚДТ жайлы жазба жазған» қолданушылардың пікірлерін репост жасап, бірақ, жеке пікірін білдірмеген.

«Дианара Мұқатова ҚДТ мүшесі емес. ҚДТ туралы жазбалар әлеуметтік желіде жетіп артылады. Мұндай кезде репост жасаудың өзі қылмыс па? Әуелі осыны анықтап алу керек еді», - деді Жанаргүл Сүндетқалиева

Бұл іс бойынша алғашқы сот процесі 3 қыркүйекте өткен. Айыптау актісінде ескертулерге қарамастан белсендінің «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының әлеуметтік желідегі парақшаларындағы жазбаларымен бөліскені, рұқсат етілмеген митингілерге шақырғаны жазылған. 

Сот отырысы кезінде белсенді тағылған айыпты мойындамады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары