$ 447.4  477.55  4.76

Нұр-Сұлтанда оқушы қыз жоғары қабаттан секіріп кетті

Ал көршілер жантүршігерлік жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр.
Фото: Хабар24
Фото: Хабар24

Қайғылы жағдай бүгін таңғы сағат 10.30 шамасында №10 қалалық аурухана аумағындағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Хабар-24. 

Оқиға орнына дереу жеткен арна тілшілерінің хабарлауынша, оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Ол өмірімен қош айтысу үшін зәулім үйдің 16-қабатына көтеріліп, секіріп кеткен деген болжам айтылуда. 

Ал көршілер жантүршігерлік жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр. Белгілісі, марқұм бұл үйде тұрмаған. Тағы бір анығы, оқиға орнында қыздың күртешесі мен сөмкесі қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқушы #суицид