03.10.2019, 16:00

«Бұндай жағдай бұрын-соңды болмаған»: Қарағұсова мемлекеттік бағдарламардың тиімділігіне күдіктенді

фото: stan.kz
Жұмыс орындары көптеп ашылған сайын жәрдемақы алатындардың саны азаюы тиіс екен.

Парламент мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне қарамастан, АЭК алатындардың санының көп екеніне таңқалды, дейді holanews.kz

Қарағұсова атаулы әлеуметтік көмекті алып жатқан адамдардың санына қарап, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне күдікпен қарайтынын жеткізді.

Себебі, оның айтуынша бағдарламалардың аясында жұмыс орындары көптеп ашылуы қажет. Ал жұмыс орындары көптеп ашылған сайын жәрдемақы алатындардың саны азаюы тиіс екен.

«Мен бұл сұрақты қояр едім, бірақ жауап беретін ешкім жоқ. Бізде мүлде теңдесі жоқ жағдайлар болып тұрады. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті алып отырған адамдардың саны 1 миллион 800 мың адамға жуықтады. Тәуелсіз Қазақстанда бұндай жағдай бұрын-соңды ешқашан болмаған. Бізде жұмысқа қабілетті 8 миллион адам бар. Сонда олардың ішінде шамамен 2 миллионы атаулы әлеуметтік көмекті алып отыр», - деді ол.

2007 жылы мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған кезімде жағдай қиын болды, ақша тапшы, жұмыс орындары да аз болды. Соған қарамастан, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 1 миллион 500 мың адамнан 500 мыңға дейін қысқарған болатын. Бұның барлығы сол кездегі жұмыспен қамту саласындағы тиімді шаралардың нәтижесі», - дейді депутат 2019 жылдың нақтыланған республикалық бюджет жобасын қарау кезінде.

Депутат осы уақыт ішінде елімізде түрлі жұмыспен қамту бағдарламалары енгізілгенін атап өтті. «Сонда осы уақытқа дейін қолға алынған ауқымды жұмыспен қамту бағдарламалары нені өзгертті? Біз  «маман дайындау, қайта даярлау және шағын кредиттерге қыруар қаржы беріп келдік. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы басталды. 1 200 кәсіпорынды аштық. Біз үнемі жалақының көлемін көтеріп отырамыз. Не болып қалды? Осының бәріне кім жауап береді?», - деп атап көрсетті Қарағұсова.

Сондай-ақ, депутат жұмыс тобы аясында жұмыспен қамту бағдарламасына бөлінген барлық ақшаны есептеп, талдау жасайтынын айтты.