03.10.2019, 22:55

Ерлан Әлімбаев Үндістан президентіне сенім грамоталарын табыстады

Фото: BAQ.KZ
Әлімбаев Үндістан президенті Рам Натх Ковиндке сенім грамоталарын табыстады.

"Раштрапати Бхаван" президенттік сарайында ҚР Үндістан Республикасындағы елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістан президенті Рам Натх Ковиндке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шарадан кейін өткен кездесу барысында Президент Р.Ковинд Қазақстан өкілінің рәсімді хинди тілінде өткізгені үшін ризашылығын білдірді және дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтай отырып, екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың сенімді сипатын атап өтті.

Елші Е.Әлімбаев Үндістан Президентін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында айтылған ел экономикасын жаңғырту және әлеуметтік саланы жақсарту бойынша Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, әңгімелесушілер бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ықпалдастық туралы пікр алмасты.

Тегтер: Үндістан