04.10.2019, 07:32

Головкин мәлімдеме жасады

Фото: Sports.kz
Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне таласады.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин UFC жұлдызы Конор Макгрегормен айқасу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Sports. 

« Екі спорт түрі - бокс және UFC кездескен жағдайда үлкен бизнес-мәміле болар еді. Бұл-шоу. Макгрегормен айқасар ма едім? Әрине. Мол ақша болса, кез келген келісер еді. Жеңіл ақша. 

Егер мен UFC-ге айқас үшін барсам, Конор үшін үлкен сыйлық болар еді, егер ол боксқа келсе, мен үшін үлкен сыйлық»,- деп мәлім етті Геннадий. 

Головкиннің Сергей Деревянченкомен айқасы 6 қазан күні таңертең Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне таласады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Тегтер: Головкин