$ 449.58  486.94  4.86

Тоқаев 3 аптада 3 алып елдің басшыларымен кездесті

Араға екі аптадай уақыт салып, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізді.
Фото: Instagram
Фото: Instagram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы үш аптада әлемдегі үш алып елдің басшыларымен кездесті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 3 аптада әлемдегі 3 алып елдің басшысымен кездесті", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Келіссөздер барысында президент Қытай төрағасын Қазақстанға ресми сапармен шақырды.

Араға екі аптадай уақыт салып, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізді.

Ал бүгін 3 қарашада Сочиде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік әріптесі Владимир Путинмен екіжақты кездесуі өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары