$ 444.22  476.38  4.82

Нұр-Сұлтанда жол апатынан 1 адам мерт болды

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған көліктегі жолаушының жан тапсырғаны хабарланып отыр.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Республикасы даңғылында көлік аударылып, ішіндегі жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

«5 қазан күні сағат 02:10 шамасында «Toyota Estima» маркалы автокөлікпен Республика даңғылында келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, темір қоршауға соқтығысқан. Осыдан кейін көлік аударылып қалған», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған көліктегі жолаушының жан тапсырғаны хабарланып отыр. Көлік жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Аталмыш факт бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрсұлтан