07.10.2019, 03:00

Маңғыстау облысында жарылыс болды

Салдарынан 2 адам зардап шекті. 20 жастағы жігіттің жағдайы ауыр.

6 қазан күні таңғы сағат 9:00 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында құрылысы жүріп жатқан үйде жарылыс болды, деп хабарлайды Tumba.kz. 

Салдарынан 2 адам зардап шекті. 20 жастағы жігіттің жағдайы ауыр. 44 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатымен және өзге де дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 

300 шаршы метр болатын құрылыс аумағында газ жарылған.

Тегтер: Маңғыстау