$ 498.34  519.72  4.85

Дәрігерлер жүзімнің пайдасын айтып берді

Жүзімнің сүйектерінде А, Е және К витаминдері және табиғи майлар бар.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Дәрігерлер жүзімнің пайдасын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  "Медикфорум" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  

Жүзімнің сүйектерінде А, Е және К витаминдері және табиғи майлар бар. Бұл заттардың барлығы жасушалардың қатаюына, жасару эффектісіне үлес қосады. Жидектің барлығын сүйегімен жеу керек, сол кезде пайдасы да арта түседі. 

Сондай-ақ, жүзімнің құрамында өсімдік эстрогені ресвератолдың тобына жататын зат бар. Ол қандағы холестериннің деңгейін және қан тамырларындағы ісіп қызару процесстерін төмендетеді. Жүзімнің құрамында маңызды фенолды біріктірулер: кофе қышқылы, кверцетин, мирецетин бар. Кейбір зерттеулерден бұл жидектің ағзаны қатерлі ісіктің дамуынан қорғайтыны анықталды. 

Жүзім барлық ағза мүшесіне пайдалы. Жасұнық ас қорытуға көмектеседі, ал минералдар жүйке жүйесіне жақсы септігін тигізеді. Дәрігерлер күніне 150-250 грамм жүзім жеп тұруға кеңес береді. Мамандар жүзімнің ішінен қарасын таңдаған жөн дейді. Қара жүзімнің құрамында антиоксиданттар көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәрігер