07.10.2019, 08:00

Бүгін еліміздің күн жауын-шашынсыз болады

Оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі.

Бүгін республиканың басым бөлігіне антициклонның ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Респбуликаның батысы мен оңтүстік бөлігінң таулы аймақтарында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, бүгін республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі. 

Жамбыл, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Алматы облысының Алакөл ауданының бірқатар аумақтарында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады. 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. 

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұрады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. 

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Тегтер: ауа райы